https://sputnik.kz/20230417/zharkentte-it-talap-oltirgen-er-adamga-qatysty-tyn-derek-shyqty-34026578.html
Жаркентте ит талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты
Жаркентте ит талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Жаркент қаласында питбуль талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 17.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-17T18:36+0500
2023-04-17T18:36+0500
2023-04-17T18:36+0500
қабаған ит
https://sputnik.kz/img/old/578/62/5786201_0:40:605:380_1920x0_80_0_0_09d72ba8c7bb3271a1cc4b2528dbfd30.jpg
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Жаркент қаласында питбуль талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жаркент қаласының 55 жастағы тұрғынын айдың-күннің аманында ит талап, ажал құштырды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ер адам түнгі сағат екілерде биллиард ойнап келе жатқан. Азды-көпті ішімдік ішкен екен дейді. Атпалдай ер азамат сол себепті де итке шамасы жетпей қалуы мүмкін деп болжап отыр олар. Ол питбуль асырайтын үйдің тұсынан өте бергенде ит тарпа бас салған. Үй иесінің итін түнде босатып қоятын әдеті болған екен. Сол күні үйдің қоршауындағы үлкен қақпа жабылмай айқара жатқан."Марқұм осы Жаркентте жиһаз жасаушы болып еңбек еткен. Тұрғындардың айтқан ақпараты рас. Сол түні ит талағанда ешкім көрмей қалған. Тек таңертең өтіп бара жатқан кісілер көріп қалып, полицияға хабарласқан. Полицияның айтуынша итке сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Ары қарай итке және иесіне қандай шара қолданылатыны сол сараптамадан кейін белгілі болады", - дейді Панфилов аудандық әкімдігінің баспасөз қызметкері Нұрбол Қанағат.Тұрғындардың айтуынша, ит адамның денесін жантүршігерлік етіп талап тастаған."Марқұмның туыстарына психологиялық көмек көрсетілді. Ал жеке өздері әкімдікке материалдық немесе басқа да көмек сұрап өтініш жасаған жоқ", - дейді Нұрбол Қанағат.
https://sputnik.kz/20221202/qostanayda-pitbul-ayeldi-talap-tastady--zhelide-videosy-tarady-29960358.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/578/62/5786201_23:0:580:418_1920x0_80_0_0_00088866caa3de69ff357f9a2d14ea8b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қабаған ит
Жаркентте ит талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Жаркент қаласында питбуль талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жаркент қаласының 55 жастағы тұрғынын айдың-күннің аманында ит талап, ажал құштырды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ер адам түнгі сағат екілерде биллиард ойнап келе жатқан. Азды-көпті ішімдік ішкен екен дейді. Атпалдай ер азамат сол себепті де итке шамасы жетпей қалуы мүмкін деп болжап отыр олар. Ол питбуль асырайтын үйдің тұсынан өте бергенде ит тарпа бас салған. Үй иесінің итін түнде босатып қоятын әдеті болған екен. Сол күні үйдің қоршауындағы үлкен қақпа жабылмай айқара жатқан.
"Марқұм осы Жаркентте жиһаз жасаушы болып еңбек еткен. Тұрғындардың айтқан ақпараты рас. Сол түні ит талағанда ешкім көрмей қалған. Тек таңертең өтіп бара жатқан кісілер көріп қалып, полицияға хабарласқан. Полицияның айтуынша итке сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Ары қарай итке және иесіне қандай шара қолданылатыны сол сараптамадан кейін белгілі болады", - дейді Панфилов аудандық әкімдігінің баспасөз қызметкері Нұрбол Қанағат.
Тұрғындардың айтуынша, ит адамның денесін жантүршігерлік етіп талап тастаған.
"Марқұмның туыстарына психологиялық көмек көрсетілді. Ал жеке өздері әкімдікке материалдық немесе басқа да көмек сұрап өтініш жасаған жоқ", - дейді Нұрбол Қанағат.