https://sputnik.kz/20221202/qostanayda-pitbul-ayeldi-talap-tastady--zhelide-videosy-tarady-29960358.html
Қостанайда питбуль әйелді талап тастады – желіде видеосы тарады
Қостанайда питбуль әйелді талап тастады – желіде видеосы тарады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Қостанай қаласында тұмылдырықсыз жүрген питбуль әйелді талап тастады. Полиция иттің иесін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды... 02.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-02T12:51+0500
2022-12-02T12:51+0500
2022-12-02T12:51+0500
қабаған ит
қостанай
https://sputnik.kz/img/1165/08/11650840_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_74e90ee3ac21baa369bb51551cbe10c2.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Қостанай қаласында тұмылдырықсыз жүрген питбуль әйелді талап тастады. Полиция иттің иесін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Наша Газета" порталына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Иттің қатты жүгіріп келіп, әйелге тап бергені анық көрініп тұр. Артынан иесі жүгіріп келген. Питбульді теуіп, айырып алды. Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға Текстильщиков көшесінде мәдениет үйінің жанында болған. Питбуль алдымен әйелдің итіне, одан кейін өзіне тап беріп, екі аяғынан тістеп алған. Қысқы киімнің арқасында сүйегі сау, бірақ екі аяғынан да жарақат алды. Питбульдің иесі кетіп қалды. Ал жарақат алған әйелді екі жігіт көлікпен ауруханаға жеткізді. Қалалық полиция басқармасы 26 қарашада 46 жастағы әйел арыз түскенін хабарлады. Қазіргі кезде иттің иесі іздестіріліп жатыр. Әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің 407-2 бабының 1-бөлігі 4-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ит иесіне үй жануарларын күтіп-бағу мен серуендетуді бұзғаны үшін 10 АЕК (31 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/08/11650840_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_7157794d758ed79d342fc8a2db131045.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қабаған ит, қостанай
Қостанайда питбуль әйелді талап тастады – желіде видеосы тарады
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Қостанай қаласында тұмылдырықсыз жүрген питбуль әйелді талап тастады. Полиция иттің иесін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
"Наша Газета" порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның
видеосы тарады. Иттің қатты жүгіріп келіп, әйелге тап бергені анық көрініп тұр. Артынан иесі жүгіріп келген. Питбульді теуіп, айырып алды.
Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға Текстильщиков көшесінде мәдениет үйінің жанында болған. Питбуль алдымен әйелдің итіне, одан кейін өзіне тап беріп, екі аяғынан тістеп алған.
Қысқы киімнің арқасында сүйегі сау, бірақ екі аяғынан да жарақат алды. Питбульдің иесі кетіп қалды. Ал жарақат алған әйелді екі жігіт көлікпен ауруханаға жеткізді.
Қалалық полиция басқармасы 26 қарашада 46 жастағы әйел арыз түскенін хабарлады. Қазіргі кезде иттің иесі іздестіріліп жатыр. Әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің 407-2 бабының 1-бөлігі 4-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Ит иесіне үй жануарларын күтіп-бағу мен серуендетуді бұзғаны үшін 10 АЕК (31 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.