Екі қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді – видео

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Калифорния штатында өткен бокс кешінде Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұрмағамбет (8-0, 6 КО) қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әбілхан Аманқұл мексикалық Даниэль Эчеверриаға (21-11, 18 КО) қарсы шықты. Екінші орта салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. Бірақ екінші раунда аяқталды. Аманқұл қарсыласын нокаутпен тізе бүктіріп, кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Ал Бек Нұрмағамбет венесуэлалық Эбера Рондонаны (20-3, 13 КО) бірінші раундта жеңді.
Альварес Канело - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2023
"Канело" қазақстандықтарға қазақ тілінде тілек жолдады
Жаңалықтар
0