"Канело" қазақстандықтарға қазақ тілінде тілек жолдады

Жазылу
Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Құттықтау сәтінің видеосын Suleimen Promotions әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, досымыз Сауль (Канело) Альварес Қазақстан халқын көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады. Ал Suleimen Promotions командасы өз кезегінде қазақы дәстүр бойынша боксшыға құрмет көрсетіп, шапан жапты, сый-сияпат көрсетті", - деп жазды Suleimen Promotions желідегі парақшасында.
Канело да Қазақстан халқын қазақ тілінде құттықтап: "Наурыз мейрамы құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен барлығыңызды құшақтаймын!" - деген "Канело".
Жаңалықтар
0