Ақтөбе облысының жолдарында 23 адам құтқарылды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАқтөбе облысының жолдарында 23 адам құтқарылды
Ақтөбе облысының жолдарында 23 адам құтқарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты 23 адамды эвакуациялады. Өңірде дабылды ескерту жарияланған, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
15 сәуірде 112 пультіне Хромтау ауданы Самара-Шымкент автожолының 820 шақырымында жолаушылар мінген автомобиль жолдан шығып кетіп, эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел түрде Хромтау ауданының құтқарушылары мен жол талғамайтын ТРЭКОЛ құтқару техникасы жіберілді. Авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, Хромтау қаласы мен Ақжар ауданына жеткізілді.
Сол күні сағат 23:50-де Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Сағашиілі ауылының аумағында бұзылған жеңіл автокөліктен адамдарды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде Мұғалжар ауданының құтқарушылары 3 адамды құтқарып, Қандыағаш қаласына жеткізді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2023
Республикалық маңызы бар жолдар ашылды
Жаңалықтар
0