Республикалық маңызы бар жолдар ашылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" компаниясы "Самара-Шымкент" тасжолының екі учаскесінен басқа күре жолдардың барлығы ашылғанын хабарлады.
"Ақтөбе өңіріндегі "Самара-Шымкент" тасжолының екі учаскесінен (ЭКО Ойл бекетінен Қарабұтақ ауылына дейін және Қарабұтақ ауылынан Ырғыз ауылына дейінгі аралықтар) басқа республикалық маңызы бар күре жолдар ашылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше "ҚазАвтоЖол" бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылғанын хабарлаған болатын.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2023
Ауа райына байланысты бірқатар әуе рейсі кешіктірілді
Жаңалықтар
0