Спорт

Қазақстан палуандары Азия чемпионатында топ жарды – Тоқаев құттықтады

© Photo : Сайт sports.kzҚазақстан палуандары Азия чемпионатында топ жарды
Қазақстан палуандары Азия чемпионатында топ жарды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстан құрамасы Астана өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Президент палуандарға өз құттықтауын жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
9-14 сәуір аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатына 22 мемлекеттен 331 спортшы қатысты. Осы дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 7 алтын жеңіп алды.

Еркін күрестен

4 алтын:
Санжар Досжан (70 кг),
Дархан Есенғали (74 кг),
Болат Сақаев (79 кг),
Азамат Дәулетбеков (86 кг)
2 күміс
Ризабек Айтмұқан (92 кг)
Юсуп Батырмурзаев (125 кг)
1 қола
Рахат Қалжан (57 кг).
Жалпыкомандалық есепте – 1-орын.

Әйелдер күресінен

2 алтын
Жәмилә Бақбергенова (72 кг)
Эльмира Сыздықова (76 кг)
3 қола
Марина Седнева (55 кг)
Нилуфар Раймова (57 кг)
Елена Шалыгина (68 кг).

Грек-рим күресінен

1 алтын
Ибрагим Магомедов (72 кг)
2 күміс
Диас Қален (82 кг),
Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг)
5 қола
Аманғали Бекболатов (55 кг),
Мұхамедәли Мамырбек (63 кг),
Алмат Кебіспаев (67 кг),
Олжас Сырлыбай (97 кг),
Әлімхан Сыздықов (130 кг).
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерге құттықтау хат жолдады.
"Сіздердің жеңістеріңіз спортты серік еткен жастарды жігерлендіріп, биік белестерге бастайтыны сөзсіз. Еліміз күрес өнерін дамыту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Балуандарымыздың дүбірлі додаларда үздіктер қатарынан көрінуі – соның айқын дәлелі", – деп жазды Тоқаев.
Президент спортшыларымыздың алдағы уақытта да аламан сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін көтере беретініне сенім білдірді.
Елсияр Қанағатов - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Спорт
"Жарақат алсаң, ешкімге керек емессің": ҰОК спортшының жазбасына пікір білдірді
Жаңалықтар
0