Жаңаөзеннің үш жылдық бюджетіне өзгеріс енгізіледі

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы "2023 - 2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы" шешіміне өзгеріс енгізіледі.
Ашық НҚА сайтында жарияланған құжатта қала бюжеті 17 138 606 мың теңгеге дейін артатыны айтылған, оның ішінде 11 926 861 мың теңге – салықтық түсімдер.
Айта кетері, өткен жылдың соңында қала бюджеті 11 638 218 мың теңге көлемінде бекітіліпті. Яғни, жаңа редакцияда 5,5 млрд теңгеге артқан.
Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Оқи отырыңыз: Астанада ереуілдеген бес жаңаөзендік жауапкершілікке тартылды – Бас прокуратура
Еске сала кетейік, елордаға дүйсенбі күні келген жаңаөзендік мұнайшылар "Қазмұнайгаз" ғимаратының жанындағы Дөңгелек алаңда ереуілге шықты. Олар аутсорсинг келісімшартының орнына, үш жылға еңбек шартын жасасып, демалысқа шығуға мүмкіндік беруді талап етті.
Мұнайшылардың ереуілі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
"Қашанғы көз жұмасыздар": депутаттар мұнайшылар митингісінен кейін үкіметке шүйлікті
Жаңалықтар
0