https://sputnik.kz/20230414/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-munay-aydaudy-qayta-bastady-33938879.html
Каспий құбыр консорциумы мұнай айдауды қайта бастады
Каспий құбыр консорциумы мұнай айдауды қайта бастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 72 сағаттық жоспарлы жөндеуден кейін 14 сәуірде мұнай айдауды қайта бастады. 14.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-14T16:30+0500
2023-04-14T16:30+0500
2023-04-14T16:30+0500
мұнай
құбыр
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664675_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_7991b1836088d220843e09fbf2ce0a3c.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 72 сағаттық жоспарлы жөндеуден кейін 14 сәуірде мұнай айдауды қайта бастады.Осы кезеңде әртүрлі мұнай құбыры жүйелеріне, мұнай айдау станцияларына және Теңіз терминалына техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.Қазақстанда мұнай айдауды тоқтату кезеңінде "Теңіз" мұнай айдау станциясында өрт және газды анықтау жүйесін жаңғырту бойынша бірқатар жұмыс, сондай-ақ "Атырау" мұнай айдау станциясында электрмен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға қатысты жұмыстар жүргізілді.Жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мұнай айдауды жылына бірнеше рет тоқтату жоспарланған.Каспий құбыр консорциумы қауіпсіздік мәселесіне байланысты және қылмысты болдырмау мақсатында мұнай құбырының жұмысы тоқтатылатыны туралы қоғам мен сарапшылар қауымын алдын ала хабардар етпейді, делінген хабарламада.Айта кетері, КҚК құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындарын және Каспий қайраңындағы Ресей кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Оның ұзындығы – 1 511 шақырым.Жүйе қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып саналады.
https://sputnik.kz/20230222/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-teniz-ken-orny-munay-qabyldaudy-32375164.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664675_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_42fd1b055ed5825ddf42bbfecfb32e25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, құбыр
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 72 сағаттық жоспарлы жөндеуден кейін 14 сәуірде мұнай айдауды қайта бастады.
Осы кезеңде әртүрлі мұнай құбыры жүйелеріне, мұнай айдау станцияларына және Теңіз терминалына техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.
Қазақстанда мұнай айдауды тоқтату кезеңінде "Теңіз" мұнай айдау станциясында өрт және газды анықтау жүйесін жаңғырту бойынша бірқатар жұмыс, сондай-ақ "Атырау" мұнай айдау станциясында электрмен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға қатысты жұмыстар жүргізілді.
Жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мұнай айдауды жылына бірнеше рет тоқтату жоспарланған.
Каспий құбыр консорциумы қауіпсіздік мәселесіне байланысты және қылмысты болдырмау мақсатында мұнай құбырының жұмысы тоқтатылатыны туралы қоғам мен сарапшылар қауымын алдын ала хабардар етпейді, делінген хабарламада.
Айта кетері, КҚК құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындарын және Каспий қайраңындағы Ресей кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Оның ұзындығы – 1 511 шақырым.
Жүйе қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып саналады.