Экономика

Каспий құбыр консорциумы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты

© Photo : КТККаспий құбыр консорциумы, архивтегі сурет
Каспий құбыр консорциумы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) қазақстандық Теңіз кен орнынан өз құбыр жүйесіне мұнай қабылдауды және Қара теңіздегі резервуарлық паркіне мұнай айдауды тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости.
"22 ақпандағы жағдай бойынша тауардың шектен тыс жиналуына байланысты Теңіз кен орнынан "Теңіз" мұнай айдау станциясына (Қазақстан Республикасы) КҚК жүйесіне мұнай қабылдау тоқтатылды. КҚК теңіз терминалының резервуарлық паркіне мұнай айдау тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Қазақстандағы "Атырау" және Ресейдегі "Комсомольская" мұнай айдау станцияларына мұнай қабылдау төмендетілген режиммен жүріп жатыр.
Бұған дейін КҚК теңіз терминалында қатты дауылға байланысты мұнай жөнелту 19 ақпанда тоқтатылғаны хабарланған болатын.
Алайда бүгін, 22 ақпанда Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов КҚК Қара теңіздегі терминалдан мұнай жөнелтуді жақын арада бастайтынын мәлімдеген еді.
"Қара теңізде қатты дауылдан не болып жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Ауа райына байланысты проблема бар. Мұндай жағдайда мұнай жөнелтуге болмайды, бұл қауіпті", - деп түсіндірді Ақшолақов үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, ертең, 23 ақпанда ауа райы қалпына келеді деген болжам бар. Бұл танкерлерге акваторияға кіруге мүмкіндік береді.
Айта кетері, КҚК құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындарын және Каспий қайраңындағы Ресей кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Оның ұзындығы 1 511 шақырым.
Жүйе қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып саналады.
Буровая вышка - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Экономика
Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнайды қашан жөнелтетіні белгілі болды
Жаңалықтар
0