https://sputnik.kz/20230222/energetika-ministri-munay-zhoneltu-tusinikteme-32333754.html
Энергетика министрі мұнай жөнелтудің тоқтатылуына байланысты түсініктеме берді
Энергетика министрі мұнай жөнелтудің тоқтатылуына байланысты түсініктеме берді
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумының мұнай жөнелтуді тоқтатуына қатысты түсініктеме берді, деп... 22.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-22T10:21+0600
2023-02-22T10:21+0600
2023-02-22T10:35+0600
экономика
мұнай
қр энергетика министрлігі
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0d/24173815_4:0:2996:1683_1920x0_80_0_0_abadb7bec5d1831c247e18cc0d0dfe36.jpg
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумының мұнай жөнелтуді тоқтатуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министр мұнай жөнелтудің тоқтатылуы қолайсыз ауа райымен байланысты екенін растады. Айтуынша, мұндай ауа райында мұнай жөнелту қауіпті. Ертең, 23 ақпанда ауа райы қалпына келеді деген болжам бар. "Синоптиктердің болжамы бойынша, бейсенбі күні ауа райы қалыпқа келуі керек. Бұл танкерлерге акваторияға кіруге мүмкіндік береді. Әзірге резервуар паркіне жұмыс істеп жатырмыз, мұнай өндіру тоқтатылған жоқ", - деді ведомство басшысы. Кеше Каспий құбыр консорциумы (КҚК) қолайсыз ауа райына байланысты Қара теңіздегі терминалдан мұнай жөнелтуді тоқтатқаны хабарланды. 19 ақпанда КҚК теңіз терминалында қатты дауылға байланысты мұнай жөнелту тоқтатылған. Осы уақытқа дейін Новороссийск портының капитаны дауыл шектеуін алған жоқ, болжам жағымсыз, деген еді КҚК. Айта кетері, КҚК құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындарын және Каспий қайраңындағы Ресей кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Оның ұзындығы 1 511 шақырым. Жүйе қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып саналады.
https://sputnik.kz/20190412/Toqaev-munai-9806919.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0d/24173815_378:0:2622:1683_1920x0_80_0_0_150c7d7f8f040d85277de2452322ae42.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
мұнай, қр энергетика министрлігі
мұнай, қр энергетика министрлігі
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумының мұнай жөнелтуді тоқтатуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр мұнай жөнелтудің тоқтатылуы қолайсыз ауа райымен байланысты екенін растады. Айтуынша, мұндай ауа райында мұнай жөнелту қауіпті.
"Қара теңізде қатты дауылдан не болып жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Ауа райына байланысты проблема бар. Мұндай жағдайда мұнай жөнелтуге болмайды, бұл қауіпті", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында.
Ертең, 23 ақпанда ауа райы қалпына келеді деген болжам бар.
"Синоптиктердің болжамы бойынша, бейсенбі күні ауа райы қалыпқа келуі керек. Бұл танкерлерге акваторияға кіруге мүмкіндік береді. Әзірге резервуар паркіне жұмыс істеп жатырмыз, мұнай өндіру тоқтатылған жоқ", - деді ведомство басшысы.
Кеше Каспий құбыр консорциумы (КҚК) қолайсыз ауа райына байланысты Қара теңіздегі терминалдан мұнай жөнелтуді тоқтатқаны хабарланды.
19 ақпанда КҚК теңіз терминалында қатты дауылға байланысты мұнай жөнелту тоқтатылған. Осы уақытқа дейін Новороссийск портының капитаны дауыл шектеуін алған жоқ, болжам жағымсыз, деген еді КҚК.
Айта кетері, КҚК құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындарын және Каспий қайраңындағы Ресей кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Оның ұзындығы 1 511 шақырым. Жүйе қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып саналады.