"Қаражаттың бәрі құмға сіңген судай болды": Тоқаев шетелге қашқан ғалымды еске алды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПод председательством главы государства Касым-Жомарта Токаева состоялось первое заседание Национального совета по науке и технологиям
Под председательством главы государства Касым-Жомарта Токаева состоялось первое заседание Национального совета по науке и технологиям - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге қашып кеткен "Парасат" холдингінің бұрынғы басшысын еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте президент ғылымды қаржыландыру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан осы салаға қыруар қаржы бөлінеді. Ал кейбір псевдоғалымдар оны "майшелпекке" айналдырып алған.
"Қаржы гранттарының көбінесе ғылыми маңызы, өзектілігі жоқ жобаларға берілетіні ешкімге жасырын емес. "Парасат" ғылыми холдингінде болған өкінішті жағдай – осының анық мысалы. Бөлінген қаражаттың бәрі құмға сіңген судай болды. Ал оның бұрынғы басшысы, химия ғылымдарының докторы Америка азаматтығын алып, отбасымен бірге елден кетіп қалды", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент зерттеу университеттерінің санын біртіндеп көбейту керектігін ерекше атап өтті. Шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу тәжірибесі де жалғаса береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Білім
Елімізде ғылым саласы артта қалды деуге болады – Тоқаев
Жаңалықтар
0