Білім

Елімізде ғылым саласы артта қалды деуге болады – Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті.
"Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек. Сол себепті менің жарлығыммен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды", - деді президент.
Оған президент жанындағы кеңес мәртебесі берілген болатын. Мемлекеттің ғылым саласындағы басымдықтарына қатысты ұсыным әзірлейтін негізгі құрылым.
"Біз кеңесті жасақтаған кезде оның құрамына айрықша мән бердік. Қазақ ғылымына зор еңбек сіңірген аға буын өкілдерін және шетел ғалымдарын шақырдық. Әлемге әйгілі ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жүрген жас ғалымдарымыз да кеңестің құрамына қосылды", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, елімізде мықты ғылыми мектеп бар. Білікті ғалымдарымыз да көп.
"Мемлекет тарапынан ғылымға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы жылдары бұл салада біршама өзгеріс болды. Ғылымды қаржыландыру тәсілдері жақсарды, қаржы көлемі едәуір артты. Ғылыми мекемелер біртіндеп жаңғыртылып жатыр. Әлемге әйгілі ғылыми орталықтарда тәжірибеден өткен мамандар саны көбейіп келеді", - деді Тоқаев.
Докторанттарды даярлауға және ғылыми жұмыспен айналысуға бөлінетін грант саны артты. Бірақ мұның бәрі жеткіліксіз, дейді президент. Өйткені ғылым саласы әлеуметтік-экономикалық өркендеуге әлі де тың серпін бере алмай отыр.
Жаңалықтар
0