Әлиев Қазақстан президентін Қарабаққа шақырды

© PhotoПрезиденты Казахстана и Азербайджана провели переговоры в расширенном составе
Президенты Казахстана и Азербайджана провели переговоры в расширенном составе - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қарабаққа шақырды. Ол жақта Қазақстанның қаржысына Құрманғазы атындағы орталықтың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Ақордада өткен кеңейтілген келіссөздер кезінде Тоқаев екі елдің ынтымақтастығын ерекше атап өтті. Қазақстан мен Әзербайжанның мәдени онкүндігін өткізуге шешім қабылданды. Биыл Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді. Тура сондай шара Қазақстанда ұйымдастырылады.
"Елдеріміздің шынайы достығы мен өзара қолдауының тағы бір айқын дәлелі – қазақ халқының Әзербайжанға тартуы Физули қаласындағы Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығы. Бұл нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатқаны жөнінде маған мәлімдеді. Осы маңызды нысанның іске қосылуын жуық арада көре аламыз деп ойлаймын. Біз гуманитарлық байланыстарды жан-жақты дамытып, ортақ рухани және мәдени құндылықтарды байытуға ниеттіміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өз кезегінде шығармашылық орталық үшін алғыс айтып, Тоқаевтың жаңа нысанның ашылауына шақырды. Астанада Гейдар Әлиевтің атымен үлкен көшені атағаны үшін де өз ризашылығын жеткізді.
"Гейдар Әлиевке көрсеткен құрметіңіз үшін бүкіл Әзербайжан халқының және жеке өз атымнан ризашылығымды білдіргім келеді. Жалпы, біз барша Қазақстан халқының елімізге деген ыстық ықыласын әрқашан сезініп келеміз. Әзербайжанға ресми сапарыңыз барысында осындай тілеулестікті Сіз де байқадыңыз деп ойлаймын. Біздің ресми сапарлар аясында жиі кездесуіміз осы қарым-қатынасымыздың сипатын аңғартады және ұдайы байланыста болу қажет екенін көрсетеді", - деп атап көрсетті Әлиев.
Бүгінгі кездесудің нәтижесінде бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Сондай-ақ, Жоғары мемлекетаралық кеңес құрылатын болды. Осы құрылым екіжақты ынтымақтастықтың саяси тұғырнамасына тың серпін береді деген сенім бар. Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан мен Әзербайжанның тауар айналымы 40 пайызға артып, жарты миллиард долларға жетті.
"Бұл үлкен нәтиже деп ойлаймын. Экономикалық әлеуетіміз толық пайдалана отырып, бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізетінімізге сенімдімін. Бұл үшін бізде энергетика, көлік, логистика, IT, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және тағы басқа салаларда айтарлықтар резервтер бар", – дейді Тоқаев.
Айта кетері, бүгін Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келді. Оны премьер-министр қарсы алды. Ақордада алдымен шағын құрамдағы келіссөздер өтті. Одан кейін екі елдің президенттері кеңейтілген құрамда кездесті.
Жаңалықтар
0