"Біздің арамызда ешқандай мәселе жоқ": Тоқаев пен Әлиев шағын құрамда келіссөз өткізді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев пен Әлиев шағын құрамда келіссөз өткізді
Тоқаев пен Әлиев шағын құрамда келіссөз өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Ақордада Қазақстан мен Әзербайжан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің шақыруын қабыл алған Ильхам Әлиевке алғыс айтты. Сосын былтырғы сапарын еске алды.
"Былтыр тамыз айында мен Бакуге сапармен бардым. Бұл сапарым аса нәтижелі болды және екіжақты қатынастарға тың серпін берді. Қазір президенттердің екі ел үкіметіне берген тапсырмаларының орындалу барысын пысықтау қажеттілігі туды", - деді Тоқаев.
Президент Әзербайжан мен Қазақстан бауырлас әрі достас мемлекеттер екенін де ерекше атап өтті. Бүгінде сауда-экономика және инвестиция салаларында жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ екіжақты форматтағы және халықаралық ұйымдар аясындағы саяси қарым-қатынасты дамыту үшін барлық мүмкіндік бар.
"Біз Кавказ аймағында жетекші рөл атқаратын Әзербайжан мемлекетімен экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту үшін ауқымды жұмыс жүргізуді көздеп отырмыз. Біздің арамызда ешқандай мәселе жоқ. Тек қана осы бағытта алға ілгерілеуге деген ниет қана бар", – деп атап көрсетті Тоқаев.
Айта кетері, бүгін Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келді.
Жаңалықтар
0