https://sputnik.kz/20230410/alibek-qalbaydyn-olimi-sot-kudikti-sarbazga-ukim-shygardy-33767410.html
Әлібек Қалбайдың өлімі: сот күдікті сарбазға үкім шығарды
Әлібек Қалбайдың өлімі: сот күдікті сарбазға үкім шығарды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Алматы гарнизоны әскери сотында қайтыс болған сарбазға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды әскери соттың бапасөз... 10.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-10T17:56+0500
2023-04-10T17:56+0500
2023-04-10T18:43+0500
сарбаз
өлім
сот
https://sputnik.kz/img/07e6/04/17/24399106_301:0:1211:512_1920x0_80_0_0_295fc2a127a22bce30f4eb958285d558.jpg
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Алматы гарнизоны әскери сотында қайтыс болған сарбазға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды әскери соттың бапасөз қызметі. Сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот отырысы Алматы гарнизоны әскери сотында былтыр 23 тамызда басталды. Күдікті Айболат Аманжоловқа Қылмыстық кодексінің 440-бабының 4-бөлігімен "Әскери қызметшілер арасында бағыныстылық қатынастары болмаған кезде олардың арасындағы өзара қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу" бабы бойынша айып тағылды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, Әлібек Қалбай әскерге Ақтау қаласынан шақырылған. Былтыр 18 сәуірде Жамбыл облысы Гвардейск горнизонындағы 30212 әскери бөлімге түскен. 22 сәуірде таңғы жаттығу кезінде есінен танып, қайтыс болған. Марқұмның өліміне кінәлі ретінде 18 жастағы атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов күдікке ілініп, қамауға алынды. Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.
https://sputnik.kz/20220508/alibek-qalbay-askeri-24709738.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/17/24399106_367:6:811:339_1920x0_80_0_0_125ba68be7066277ef4356a595919c99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаз, өлім, сот
Әлібек Қалбайдың өлімі: сот күдікті сарбазға үкім шығарды
17:56 10.04.2023 (жаңартылды: 18:43 10.04.2023) АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Алматы гарнизоны әскери сотында қайтыс болған сарбазға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды әскери соттың бапасөз қызметі.
Сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот отырысы Алматы гарнизоны әскери сотында былтыр 23 тамызда басталды.
Күдікті Айболат Аманжоловқа Қылмыстық кодексінің 440-бабының 4-бөлігімен "Әскери қызметшілер арасында бағыныстылық қатынастары болмаған кезде олардың арасындағы өзара қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу" бабы бойынша айып тағылды.
"Әскери сот үкімімен сотталушы Айболат Аманжолов қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, жәбірленуші тараптың пайдасына 6 000 0000 теңге моральдық шығыны өндірілді", - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Әлібек Қалбай әскерге Ақтау қаласынан шақырылған. Былтыр 18 сәуірде Жамбыл облысы Гвардейск горнизонындағы 30212 әскери бөлімге түскен. 22 сәуірде таңғы жаттығу кезінде есінен танып, қайтыс болған. Марқұмның өліміне кінәлі ретінде 18 жастағы атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов күдікке ілініп, қамауға алынды.
Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы
себебін анықтауды тапсырды.