https://sputnik.kz/20220425/toqaev-18-zhastagy-sarbazdyn-qazasy-24435692.html
Тоқаев 18 жастағы сарбаздың қазасына қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды
Тоқаев 18 жастағы сарбаздың қазасына қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T12:36+0500
2022-04-25T12:36+0500
2022-04-25T12:40+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
сарбаз
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_0:53:1025:629_1920x0_80_0_0_cb294944b8f0af123d3b95d1d6bac337.jpg
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қалашықта қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда. Маңғыстаулық сарбаз Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында көз жұмған болатын.Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды. Айта кетері, 23 сәуірде Жамбыл облысындағы 30212 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметке шақырылған Әлібек Қалбай қайтыс болғаны белгілі болды. 18 жастағы сарбаз Маңғыстаудан шақырылып, бес күн бұрын Қордайдағы әскери бөлімге барған. "Таңертең сапқа тұру кезінде сарбаз есінен танып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді. Алайда ол есін жимастан қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада. Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр. Олар жас жігітті соққыға жықты деп санайды. Әлібектің өзі әскерге барғысы келмеген. 13 сәуірде әскерге шақырып, медициналық тексерістен өткізген. Сөйтіп, 18 сәуірде әскери борышын өтеуге жіберген.
https://sputnik.kz/20220424/sarbazdyn-olimine-qatysty-tyn-malimet-24417868.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_58:0:965:680_1920x0_80_0_0_58fd6797d80cdbbf3ea563809f8ac407.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлібек қлбай сарбаз қазасы солдат алибек калбай тоқаев токаев
әлібек қлбай сарбаз қазасы солдат алибек калбай тоқаев токаев
Тоқаев 18 жастағы сарбаздың қазасына қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды
12:36 25.04.2022 (жаңартылды: 12:40 25.04.2022) Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қалашықта қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
Маңғыстаулық сарбаз Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында көз жұмған болатын.
"Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті", - делінген ақпаратта.
Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.
Айта кетері, 23 сәуірде Жамбыл облысындағы 30212 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметке шақырылған Әлібек Қалбай қайтыс болғаны белгілі болды. 18 жастағы сарбаз Маңғыстаудан шақырылып, бес күн бұрын Қордайдағы әскери бөлімге барған.
"Таңертең сапқа тұру кезінде сарбаз есінен танып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді. Алайда ол есін жимастан қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.
Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр. Олар жас жігітті соққыға жықты деп санайды. Әлібектің өзі әскерге барғысы келмеген. 13 сәуірде әскерге шақырып, медициналық тексерістен өткізген. Сөйтіп, 18 сәуірде әскери борышын өтеуге жіберген.