Ақтөбе облысында мектеп директоры сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысының Шалқар ауданында мектеп директоры пара алғаны анықталды, деп хабарлады аудандық сот.
Мектеп директоры зертханашыны жұмысқа тұрғызғаны үшін 600 мың теңге пара алған. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.
"Сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни, 18 000 000 теңге айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", - деп мәлімдеді ведомство.
Сонымен қатар сот Ақтөбе облысы білім басқармасының басшылығына жеке қаулы шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Өңірлер
Павлодар облысында мектеп директоры ұсталды
Жаңалықтар
0