АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Павлодар облысында мектеп директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Май ауданындағы ауылдың тұрғынына микрокредиттік ұйымнан қоңырау соғып, 1 миллион теңге кредитін төлеу туралы айтқан. Өзінің алаяқтық құрбаны болғанын білген ол бірден полицияға хабарласқан.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Май ауданының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Май ауданындағы мектептердің бірінің директоры болып шықты.
Оқи отырыңыз: