10:46 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Білім
Қысқа сілтеме алу
53 0 0

Екі апта ішінде педагог құқығын бұзу жағдайының басым бөлігі Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Жаңа оқу жылы басталғалы білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне 70-ке жуық арыз-шағым түсті.

Екі апта ішінде педагог құқығын бұзу жағдайының басым бөлігі Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген.

"Мәселен, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мұғалімдер Б.Омаров атындағы №50 мектеп директоры міндетін атқарушының әрекетіне арызданды. Ол педагогтерді курорттық аймақта гольф алаңын тазалауға мәжбүрлеген. Мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін лауазымды тұлға қызметінен босатылды", - дейді комитет мамандары.

Ал Түркістан облысында балабақша тәрбиешісі қызметінен заңсыз босатылған. Алайда әкімдіктің білім басқармасы тиісті шара қабылдаған жоқ. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департамент қызметкерлері араласқаннан кейін ғана тәрбиеші бұрынғы жұмысына қайта оралды.

"Алматы облыстық департаментіне мұғалім өтініші түскен. Ол білім беру ұйымдарында ақша жинау және мұғалімдерге тән емес функцияларға тарту фактілері туралы хабарлаған. Текеріс кезінде барлығы расталды. Ал Текелі қаласының №6 орта мектеп директорын қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Текелі қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысы міндетін атқарушыны тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды", - дейді комитет қызметкерлері.

Бұдан бөлек, Атырау облысында Қ. Ахмедияров атындағы орта мектеп мұғалімі педагогикалық этика ережелерін бұзғаны үшін жұмысынан босатылды.

Айта кетері, білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша әр облыста педагогикалық әдеп жөніндегі комиссиялар құрылды. Олар педагог құқығын бұзу бойынша өтінішті шұғыл қарауға тиіс.

Тақырып бойынша

Қарағандылық мұғалім оқушыларды "топас маймылға" теңеді – оқиға немен аяқталды
Мектеп директорлары көз жұмды – Ақтөбедегі жол апатына қатысты тың ақпарат шықты
Оқушылар алдында шығыс биін билеген мұғалім өз қылығын түсіндірді – видео
Мектеп директорлары жаңаша тағайындалады: Аймағамбетов түсіндіріп берді
Қыздар төбелесінен кейін жұмыстан кеткен мектеп директорлары қайта шақыртылды
Кілт сөздер:
мектеп директоры, мұғалімдер
Загрузка...

Басты тақырып