https://sputnik.kz/20230331/elordada-kasipkerler-men-memlekettik-auditor-sottaldy-33479134.html
Елордада кәсіпкерлер мен мемлекеттік аудитор сотталды
Елордада кәсіпкерлер мен мемлекеттік аудитор сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Шетелдік компания басшылары мен мемлекеттік аудитор сыбайлас жемқорлық бойынша сотталды. Олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас... 31.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-31T21:50+0500
2023-03-31T21:50+0500
2023-03-31T21:50+0500
пара
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Шетелдік компания басшылары мен мемлекеттік аудитор сыбайлас жемқорлық бойынша сотталды. Олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының №2 сотында "Евраскон" ААҚ (Әзербайжан Республикасы) компаниясының өкілдері З. Исмиевке, Г. Гадировқа және "Аймереке" ЖШС директоры А. Байкенжеге қатысты істі қарау аяқталды.27 наурызда аталған адамдар пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сонымен қатар пара беруге итермелегені үшін Б. Керейтбаев пен Г. Шөкенов кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.Сондай-ақ адамдар тобында бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Астана қаласы бойынша ІМАД маманы Д. Төлеубаев кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.Аталған адамдардың барлығы да мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылған.Сот тергеу әрекеттерін жүргізуге белсенді кедергі келтірген Д.К. Төлеубаевтың туысы – А.А. Әкімбаевты (теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы жедел полиция қызметкері) кінәлі деп таныды. Ол билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық жасап, жемқорлық қылмыстарын жасауда айыпталушыларды әшкерелейтін заттай дәлелдемелерді жасырған. Сот оның бас бостандығын 2 жыл 6 айға шектеді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20230324/almaty-oblysynyn-sudyasy-tergeuge-alyndy--antikor-33233933.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пара, сыбайлас жемқорлық
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Шетелдік компания басшылары мен мемлекеттік аудитор сыбайлас жемқорлық бойынша сотталды. Олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының №2 сотында "Евраскон" ААҚ (Әзербайжан Республикасы) компаниясының өкілдері З. Исмиевке, Г. Гадировқа және "Аймереке" ЖШС директоры А. Байкенжеге қатысты істі қарау аяқталды.
"Олар мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындыларын қайта қарағаны үшін Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына пара берді деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
27 наурызда аталған адамдар пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар пара беруге итермелегені үшін Б. Керейтбаев пен Г. Шөкенов кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ адамдар тобында бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Астана қаласы бойынша ІМАД маманы Д. Төлеубаев кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған адамдардың барлығы да мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылған.
Сот тергеу әрекеттерін жүргізуге белсенді кедергі келтірген Д.К. Төлеубаевтың туысы – А.А. Әкімбаевты (теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы жедел полиция қызметкері) кінәлі деп таныды. Ол билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық жасап, жемқорлық қылмыстарын жасауда айыпталушыларды әшкерелейтін заттай дәлелдемелерді жасырған. Сот оның бас бостандығын 2 жыл 6 айға шектеді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.