Алматы облысының судьясы тергеуге алынды – Антикор

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Алматы облысының судьясы мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясы мен мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінген.
"Олар салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деген күдікке ілінді", - деп жазылған агенттіктің хабарламасында.
Ведомство өзге ақпаратты жариялауға заң бойынша тыйым салынатынын мәлімдеді.
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2022
Алматы облысында судья бес жылға сотталды
Жаңалықтар
0