Алматы облысында 8 жасар бала зорланды: министрлік арнайы комиссия құрды

© Sputnik / Ксения ВоронинаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысында жеткіншекті зорлау фактісіне қатысты арнайы комиссия құрылды, деп хабарлады білім министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитеті.
Комиссия құрамына білім министрлігінің, Алматы облысы білім басқармасының өкілдері, педагог-психологтар мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл кірді.
Комиссия зардап шеккен балаға кешенді көмек көрсетеді.
Сондай-ақ өңірде білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары төрағалық ететін мониторингтік топ жұмыс істейді, ол мектеп тарапынан іс-қимылдарды зерттейді. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалады.
Бұл проблема балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының тікелей бақылауында болады.
Еске сала кетейік, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек ауылының тұрғыны полицияға өзінің 2015 жылы туған кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын айтып, шағымданған.
Әйелдің айтуынша, 2011 және 2008 жылы туған екі жасөспірім ауылдың шетінде баласын қорлаған.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалып жатыр.
Жеткіншекке қиянат жасаған балалардың бірінің әкесіне әкімшілік іс қозғалды.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Алматы облысының тұрғыны 8 жасар ұлын зорлап кеткенін айтты
Жаңалықтар
0