https://sputnik.kz/20230330/almaty-oblysynyn-turgyny-8-zhasar-ulyn-zorlap-ketkenin-aytty-33448322.html
Алматы облысының тұрғыны 8 жасар ұлын зорлап кеткенін айтты
Алматы облысының тұрғыны 8 жасар ұлын зорлап кеткенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысында полицияға 2-сынып оқушысының зорланғаны туралы шағым түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 30.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-30T16:56+0500
2023-03-30T16:56+0500
2023-03-30T16:56+0500
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/746/24/7462480_0:98:1920:1178_1920x0_80_0_0_ca411e303d657d5e779891b31640b5f3.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысында полицияға 2-сынып оқушысының зорланғаны туралы шағым түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, 23 наурызда Жамбыл аудандық полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданған. Әйел сол күні сағат 16:00 шамасында 8 жастағы ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын хабарлады. Оның айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауыл шетінде баласына қорлық жасаған.Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу басталды.Аталған дерек бойынша оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімнің әкесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабының 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау, қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекет) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Осы бапта 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.Бұдан бөлек, 27 наурызда тиісті материалдар жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді."Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - делінген ресми хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/746/24/7462480_110:0:1811:1276_1920x0_80_0_0_43f30cbab68a854be36c29100351f6f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық
Алматы облысының тұрғыны 8 жасар ұлын зорлап кеткенін айтты
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысында полицияға 2-сынып оқушысының зорланғаны туралы шағым түсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, 23 наурызда Жамбыл аудандық полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданған. Әйел сол күні сағат 16:00 шамасында 8 жастағы ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын хабарлады. Оның айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауыл шетінде баласына қорлық жасаған.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу басталды.
Аталған дерек бойынша оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімнің әкесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабының 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау, қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекет) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Осы бапта 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Бұдан бөлек, 27 наурызда тиісті материалдар жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді.
"Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - делінген ресми хабарламада.