Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі екі айда заңдастырылған шетелдік көліктердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, 23 қаңтардан бері республика бойынша 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды.
"Соның ішінде 67 пайызы – Ресей Федерациясынан, 19 пайызы – Армениядан, шамамен 10 пайызы – Қырғызстаннан, ал 2 пайызы Грузиядан әкелінген", - деді Сұлтанбаев.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан азаматтары елге әкелген шетелдік жеңіл көліктерді, шағын және орта көлемді автобустарды, шағын жүк көліктерін, басқару жабдықтары оң жақта орналасқан көліктерді заңдастыра алады:
көлік криминалдық есепте болмауы керек;
басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуға тиіс;
кедендік тазартудан өтуі керек (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік болса).
Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2023
Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны: "автоконструкторларға" қатысты шешім қабылданды
Жаңалықтар
0