https://sputnik.kz/20230224/sheteldik-kolikterdi-zandastyru-nauqany-avtokonstruktorlarga-qatysty-sheshim-qabyldandy-32429119.html
Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны: "автоконструкторларға" қатысты шешім қабылданды
Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны: "автоконструкторларға" қатысты шешім қабылданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі шетелден автобөлшек ретінде жеткізілген "конструктор" көліктерге қатысты шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп... 24.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-24T08:37+0500
2023-02-24T08:37+0500
2023-02-24T08:41+0500
автокөлік
https://sputnik.kz/img/451/62/4516246_0:537:5157:3437_1920x0_80_0_0_224d6969416755d8f733b080bed2d48c.jpg
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі шетелден автобөлшек ретінде жеткізілген "конструктор" көліктерге қатысты шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, заңдастыру кезінде Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде әкелінген көліктер анықталды. Барлығы кедендік тазартудан өтпеген. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілмеген.Бір айдың ішінде 125 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды.Көлікті онлайн режимде шетелден тіркеуден шығаруға бола маБасқа елде тіркелген көлікті есептен шығару – міндетті шара. Себебі ол жақта оны иеліктен шығаруға тыйым салынуы мүмкін, я болмаса, басқа да шектеулер болып жатады. Бұған дейін Қазақстан үкіметі Ресей, Қырғызстан мен Арменияның құзыретті органдарына хат жолдап, 1 қыркүйекке дейін кірген көліктерді онлайн режимде есептен шығару мүмкіндігін қарастыруды сұрады."Алайда Қырғызстан мен Арменияның ресми органдары автокөліктерді қашықтықтан есептен шығару мүмкін емес деп жауап берді. Біз бұл талаптарды бұза алмаймыз", - дейді Сұлтанбаев.Сақтандыру полисімен тіркеуге алына маШетелдік көліктерді сақтандыру полисі негізінде тіркеуге қоюға болмайды. Өйткені жылжымайтын мүлікті меншікке сатып алу мәселесі Азаматтық кодекспен реттеледі.Ал Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 235-бабына сәйкес меншік иесі бар мүлікке меншік құқығын басқа тұлға сатып алу, айырбастау, сыйға тарту келісімшарты немесе осы мүлікті иеліктен шығару туралы құжаттардың негізінде иемдене алады."Шетелдік автомобильдерді әкелу үшін көзделген мерзімді ұзартуды тиімсіз деп санаймыз, өйткені бұл шаралар елге шетелдік автомобильдерді бақылаусыз әкелудің жаңа толқынына әкеп соғады. Азаматтарға заңдастыру бір реттік сипатта ғана екенін ескертеміз", - деп атап өтті Сұлтанбаев.Айта кетері, бұған дейін Астанада жүздеген көлік жүргізушісі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жиналды. Барлығы оң жақ рөлді "конструктор" көліктерді тіркеуге қоюды талап етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/451/62/4516246_124:0:4707:3437_1920x0_80_0_0_0b4890172801e104625b0ff398f00b06.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі шетелден автобөлшек ретінде жеткізілген "конструктор" көліктерге қатысты шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, заңдастыру кезінде Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде әкелінген көліктер анықталды. Барлығы кедендік тазартудан өтпеген. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілмеген.
"Осы автокөліктерді сатып алған азаматтарымыздың жағдайын назарға ала отырып, қазір мемлекеттік органдар оларды Қазақстанда бастапқы тіркеуге алу тетіктерін әзірлеуде. Мұндай автомобильдерді заңдастыру туралы шешім қабылданды", - дейді Сұлтанбаев.
Бір айдың ішінде 125 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды.
Көлікті онлайн режимде шетелден тіркеуден шығаруға бола ма
Басқа елде тіркелген көлікті есептен шығару – міндетті шара. Себебі ол жақта оны иеліктен шығаруға тыйым салынуы мүмкін, я болмаса, басқа да шектеулер болып жатады. Бұған дейін Қазақстан үкіметі Ресей, Қырғызстан мен Арменияның құзыретті органдарына хат жолдап, 1 қыркүйекке дейін кірген көліктерді онлайн режимде есептен шығару мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
"Алайда Қырғызстан мен Арменияның ресми органдары автокөліктерді қашықтықтан есептен шығару мүмкін емес деп жауап берді. Біз бұл талаптарды бұза алмаймыз", - дейді Сұлтанбаев.
Сақтандыру полисімен тіркеуге алына ма
Шетелдік көліктерді сақтандыру полисі негізінде тіркеуге қоюға болмайды. Өйткені жылжымайтын мүлікті меншікке сатып алу мәселесі Азаматтық кодекспен реттеледі.
Ал Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 235-бабына сәйкес меншік иесі бар мүлікке меншік құқығын басқа тұлға сатып алу, айырбастау, сыйға тарту келісімшарты немесе осы мүлікті иеліктен шығару туралы құжаттардың негізінде иемдене алады.
"Шетелдік автомобильдерді әкелу үшін көзделген мерзімді ұзартуды тиімсіз деп санаймыз, өйткені бұл шаралар елге шетелдік автомобильдерді бақылаусыз әкелудің жаңа толқынына әкеп соғады. Азаматтарға заңдастыру бір реттік сипатта ғана екенін ескертеміз", - деп атап өтті Сұлтанбаев.
Айта кетері, бұған дейін Астанада жүздеген көлік жүргізушісі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жиналды. Барлығы оң жақ рөлді "конструктор" көліктерді тіркеуге қоюды талап етті.