https://sputnik.kz/20230324/ukimette-egov-mobile-degi-meditsinalyq-derekter-bolimin-keneytu-maselesi-qaraldy-33244671.html
Үкіметте "EGov mobile-дегі" медициналық деректер бөлімін кеңейту мәселесі қаралды
Үкіметте "EGov mobile-дегі" медициналық деректер бөлімін кеңейту мәселесі қаралды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері... 24.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-24T20:33+0500
2023-03-24T20:33+0500
2023-03-24T20:33+0500
қоғамдық денсаулық
https://sputnik.kz/img/old/1245/33/12453384_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a8279a6fd5a2badd041e0a4045be0484.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Бүгінгі таңда пилоттық режимде "eGov mobile" мобильді қосымшасында "eDensaulyq" жаңа бөлімі іске қосылып жатыр, онда халықтың кеңейтілген медициналық деректері, оның ішінде донорлық мәртебесі (тірі кезіндегі), электрондық рецептілер, медициналық қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер, жүктілік бойынша есепке тұру, диспансерлік есепке тұру, ауруханаға жатқызу деректері, вакциналау туралы ақпарат, зертханалық зерттеулер нәтижелері туралы мәліметтер, көрсетілген клиникалық-диагностикалық қызметтер (дәрігердің қабылдауы және т.б.), аурухана парақтары кіреді.Айта кетері, қосымшаның бір бөлімінде аталған деректердің жиналуы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Ел тұрғындары кез келген уақытта өздерінің медициналық деректеріне қатысты қажетті ақпаратты ала алады.Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға құпия медициналық деректерді қорғау керектігін ескере отырып, ақпарат жүйелерін біріктіру және цифрлық медицинаны одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.
https://sputnik.kz/20221215/qazaqstandyqtar-usynystar-quryltai-30366452.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1245/33/12453384_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_562e71f7c803e9badd7ac95ae9d98478.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоғамдық денсаулық
Үкіметте "EGov mobile-дегі" медициналық деректер бөлімін кеңейту мәселесі қаралды
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда пилоттық режимде "eGov mobile" мобильді қосымшасында "eDensaulyq" жаңа бөлімі іске қосылып жатыр, онда халықтың кеңейтілген медициналық деректері, оның ішінде донорлық мәртебесі (тірі кезіндегі), электрондық рецептілер, медициналық қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер, жүктілік бойынша есепке тұру, диспансерлік есепке тұру, ауруханаға жатқызу деректері, вакциналау туралы ақпарат, зертханалық зерттеулер нәтижелері туралы мәліметтер, көрсетілген клиникалық-диагностикалық қызметтер (дәрігердің қабылдауы және т.б.), аурухана парақтары кіреді.
Айта кетері, қосымшаның бір бөлімінде аталған деректердің жиналуы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Ел тұрғындары кез келген уақытта өздерінің медициналық деректеріне қатысты қажетті ақпаратты ала алады.
"Медициналық көмекті одан да қолжетімді ету, үйден шықпай алуға болатын қызметтер тізімін ұлғайтып, олардың сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау саласын цифрландыру процестерін жандандыру және тереңдету қажет", — деді Көлгінов.
Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға құпия медициналық деректерді қорғау керектігін ескере отырып, ақпарат жүйелерін біріктіру және цифрлық медицинаны одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.