https://sputnik.kz/20221215/qazaqstandyqtar-usynystar-quryltai-30366452.html
Қазақстандықтар өз ұсыныстарын билікке Quryltai сервисі арқылы жолдай алады
Қазақстандықтар өз ұсыныстарын билікке Quryltai сервисі арқылы жолдай алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Халыққа елді жаңғыртуға қатысты ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін Quryltai мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды... 15.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-15T11:06+0500
2022-12-15T11:06+0500
2022-12-15T11:06+0500
қоғам
сервис
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5fc491116b441caa6fd1656090748cd9.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Халыққа елді жаңғыртуға қатысты ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін Quryltai мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.Қосымша президенттің тапсырмасымен жасалды. Сервистің көмегімен билік қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасай алады."Мобильді қосымшаға келіп түскен қоғамдық-саяси маңызды ұсыныстар мемлекеттік стратегиялық жұмыстарды жоспарлауға және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын сапалы іске асыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті министрлік.Quryltai сервисіне келіп түскен ұсыныстар халықтың дауыс беруіне шығарылады және ең көп дауыс жинаған ұсыныстар Ұлттық құрылтайдың алдағы отырыстарының күн тәртібіне енгізіледі.Quryltai сервисін "eGov Mobile" мобильді қосымшасынан таба аласыздар.Сондай-ақ ең маңызды ұсыныстар азаматтық қоғам мен сарапшылардың қатысуымен "Хабар" телеарнасында ұйымдастырылатын "Ұлттық құрылтай" циклында талқыланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_79804a7039354f79d99c04c79676bb8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сервис
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Халыққа елді жаңғыртуға қатысты ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін Quryltai мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қосымша президенттің тапсырмасымен жасалды. Сервистің көмегімен билік қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасай алады.
"Мобильді қосымшаға келіп түскен қоғамдық-саяси маңызды ұсыныстар мемлекеттік стратегиялық жұмыстарды жоспарлауға және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын сапалы іске асыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті министрлік.
Quryltai сервисіне келіп түскен ұсыныстар халықтың дауыс беруіне шығарылады және ең көп дауыс жинаған ұсыныстар Ұлттық құрылтайдың алдағы отырыстарының күн тәртібіне енгізіледі.
Quryltai сервисін "eGov Mobile" мобильді қосымшасынан таба аласыздар.
Сондай-ақ ең маңызды ұсыныстар азаматтық қоғам мен сарапшылардың қатысуымен "Хабар" телеарнасында ұйымдастырылатын "Ұлттық құрылтай" циклында талқыланады.