https://sputnik.kz/20230324/qazaqstandyqtar-5493-mlrd-tenge-zeynetaqy-33214641.html
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 549 млрд теңге зейнетақы төленді
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 549 млрд теңге зейнетақы төленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. 2023 жылғы қаңтардан бері республикалық бюджеттен 549,3 млрд теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 млрд... 24.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-24T09:11+0500
2023-03-24T09:11+0500
2023-08-11T11:40+0500
қоғам
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_90:0:3354:1836_1920x0_80_0_0_77b28d6e8451d3ecc8f7359776f60c4b.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. 2023 жылғы қаңтардан бері республикалық бюджеттен 549,3 млрд теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 млрд теңге.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, елімізде 2 млн 292 мың зейнеткер бар.2018 жылдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болады. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Ал егер өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80%-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде, яғни 100% белгіленеді.
https://sputnik.kz/20230316/on-eki-millionga-zhuyq-qazaqstandyqtyn-zeynetaqy-zhinagyna-on-aser-etetin-norma-qabyldandy-33000520.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_498:0:2946:1836_1920x0_80_0_0_383a2b63eee2b14fea17a76b7431065d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 549 млрд теңге зейнетақы төленді
09:11 24.03.2023 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. 2023 жылғы қаңтардан бері республикалық бюджеттен 549,3 млрд теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 млрд теңге.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, елімізде 2 млн 292 мың зейнеткер бар.
"2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 992 теңгені құрады. Соның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 089 теңге, базалық зейнетақы – 37 903 теңге", - делінген хабарламада.
2018 жылдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болады. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Ал егер өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80%-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде, яғни 100% белгіленеді.