https://sputnik.kz/20230316/on-eki-millionga-zhuyq-qazaqstandyqtyn-zeynetaqy-zhinagyna-on-aser-etetin-norma-qabyldandy-33000520.html
Он екі миллионға жуық қазақстандықтың зейнетақы жинағына оң әсер ететін норма қабылданды
Он екі миллионға жуық қазақстандықтың зейнетақы жинағына оң әсер ететін норма қабылданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Парламент сенаты зейнетақы шоттарына қызмет көрсеткені үшін алынатын комиссиялық сыйақыны төмендетуге бағытталған норманы... 16.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-16T16:05+0500
2023-03-16T16:05+0500
2023-08-11T11:40+0500
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_0:150:1921:1230_1920x0_80_0_0_2eb8e6423ba21f96095e296630602f53.jpg
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Парламент сенаты зейнетақы шоттарына қызмет көрсеткені үшін алынатын комиссиялық сыйақыны төмендетуге бағытталған норманы қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мұндай түзету жаңа Әлеуметтік кодексте көзделген. Бұл норма БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар 11,9 млн салымшыға қатысты және олардың зейнетақы жинағына оң әсер етеді, деп атап өтті депутаттар. Сенат кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова енді зейнетақы шоттарынан қызмет көрсеткені үшін аз ақша алынатынын растады. "Осы уақытқа дейін Жинақтаушы зейнетақы қоры біздің зейнетақы жинағымыздан көрсеткен қызметі үшін 0,01% алып жүрген. Енді сол қызмет 0,01%-дан 0,008%-ға түсті. Осылайша, зейнетақы жинағынан алатын қаражат шотымызда көбірек қалады", - деді еңбек министрі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_40:0:1879:1379_1920x0_80_0_0_8f54322bf11e8b63294430f7f30abccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы
Он екі миллионға жуық қазақстандықтың зейнетақы жинағына оң әсер ететін норма қабылданды
16:05 16.03.2023 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Парламент сенаты зейнетақы шоттарына қызмет көрсеткені үшін алынатын комиссиялық сыйақыны төмендетуге бағытталған норманы қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мұндай түзету жаңа Әлеуметтік кодексте көзделген.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысы зейнетақы активтерінен айына 0,01%-дан 0,008%-ға дейін, бірақ бір жеке зейнетақы шотынан 0,04 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шамаға кемітіледі", - делінген Әлеуметтік кодекс жобасына берілген қорытындыда.
Бұл норма БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар 11,9 млн салымшыға қатысты және олардың зейнетақы жинағына оң әсер етеді, деп атап өтті депутаттар. Сенат кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова енді зейнетақы шоттарынан қызмет көрсеткені үшін аз ақша алынатынын растады.
"Осы уақытқа дейін Жинақтаушы зейнетақы қоры біздің зейнетақы жинағымыздан көрсеткен қызметі үшін 0,01% алып жүрген. Енді сол қызмет 0,01%-дан 0,008%-ға түсті. Осылайша, зейнетақы жинағынан алатын қаражат шотымызда көбірек қалады", - деді еңбек министрі.