Спорт

Теннистен ӘЧ: қазақстандық жасөспірімдер іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты

© PhotoАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Малайзияның Кучинг қаласында World Junior Tennis Competition 14&under – Азия/Океания аймағы командалық әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.
Мадина Рахымның шәкірттері ширек финалда Үндістан командасын жеңді.
Алдымен Ева Корышева өз қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен ұтса, Еркежан Жаңатаева 6:4,6:7, 6:2 есебімен басым түсіп, қазақстандық команданы жартылай финалға шығарды.
Ертең, 24 наурызда жасөспірім қыздарымыз Жапония құрамасымен ойнайды.
Айта кетері, биыл жазда Чехияда өтетін әлем чемпионатына тек 3 үздік команда ғана барады: іріктеу кезеңінде 1-2 орын алғандар және финалға жетпеген командалар арасында тағы бір жолдама ойнатылады.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2023
Елена Рыбакина Indian Wells туринирінің жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
0