Елена Рыбакина Indian Wells туринирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездесті.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. А.Соболенко 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz.
Турнирге дейін Рыбакина рейтінгтіе 10-орнында болған.
7-орын – 23 жастағы қазақстандық теннисшінің кәсіби мансабындағы жоғары нәтиже. Ол 3720 ұпай иеленді.
WTA рейтингінің көшбасшысы – польшалық теннисші Ига Швёнтек (9975 ұпай). Одан кейінгі позицияда Арина Соболенко (6740 ұпай), Джессика Пегула (5605 ұпай), Каролин Гарсия (4990 ұпай), Онс Жабер (4976 ұпай) және Кори Гауфф (4401 ұпай) тұр.
Айта кетері, бұл титул Елене Рыбакинаның осы жылғы алғашқы жүлдесі.
Жаңалықтар
0