Денсаулық

Күнде таңертең кофе ішсе, ағзада қандай өзгеріс болады

© Pixabay / congerdesignКофе мен сағат
Кофе мен сағат - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2023
Жазылу
Кейбір жағдайда кофенің денсаулыққа зияны туралы асыра айтылады. Сусынның құрамына пайдалы заттар да кіреді
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Кофе ағзаға пайдалы ма, әлде зиянды ма? Диетолог Антонина Саволюк РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында кофе табиғи болса және құрамында ешқандай қоспа болмаса, оны тамақпен бірге ішуге болатынын айтты.
Өйткені кофенің құрамында ақуыздар мен кальцийді оңай байланыстыратын биологиялық белсенді заттар бар, деп түсіндіреді маман.
Дегенмен, кофеге сүт немесе кілегей қосылса, қоректік заттар жоғалады.
Таңғы ас кезінде немесе жеңіл тағамдар арасында кофе ішкен дұрыс, бірақ оны бір стақан сумен ішуді ұмытпау керек.
"Кофеден кейін ағзаға су қажет болады. Сондай-ақ оның диуретикалық әсері бар, қандағы суды кетіреді. Сондықтан бір кесе кофеден кейін бір стақан су ішу - пайдалы әдет", - дейді Антонина Саволюк.
Дегенмен жеке қарсы көрсетілім болса, кофе ішуге болмайды. Мысалы, остеопороз немесе гипертония, гастрит немесе асқазан жарасы қаупі барлар кофеге әуес болмағаны жөн.
Кофе - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Денсаулық
Диетолог кофенің ми жұмысына әсері туралы айтты
Жаңалықтар
0