https://sputnik.kz/20220224/dietolog-kofen-mi--23044557.html
Диетолог кофенің ми жұмысына әсері туралы айтты
Диетолог кофенің ми жұмысына әсері туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Кофенің құрамындағы психоактивті зат – кофеин адамға сергітетін әсер береді 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T09:04+0500
2022-02-24T09:04+0500
2022-02-24T09:04+0500
денсаулық
кофе
ми
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14993494_0:65:1280:785_1920x0_80_0_0_748b40a8af29c664b4c2745da0ac2dac.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Ми мен жүйке жүйесінің жұмысын "жеделдету" үшін кофе ішудің жағымсыз салдары болуы мүмкін, деп ескертті диетолог дәрігер Наталья Круглова Sputnik радиосына берген сұхбатында. Кофенің құрамындағы психоактивті зат – кофеин адамға сергітетін әсер береді. Алайда кей жағдайда бұл ыстық сусын жүйке жүйесінің жұмысын "жеделдетудің" орнына керісінше "тежеуі", тіпті когнитивті қабілеттің уақытша төмендеуіне алып келуі ықтимал, деді Ресей Ұлттық диетологтар мен нутрицологтар қауымдастығының мүшесі, диетолог дәрігер Наталья Круглова. Оның айтуынша, мұндай жағымсыз әсер адам ұйқы қанбаған кезде тым көп мөлшерде кофе ішкенде байқалады. Ол адам жұмыс істей алмай, іс-қимылының баяулауы үшін шамамен неше шыны кофе ішуі керек екенін нақтылады. "Кофеин бойынша норма – тәулігіне 400 миллиграмм. Бұл екі шыны кофе және екі-үш шыны шай. Себебі шайдың құрамында да кофеин бар. Ал егер адам тек кофе ішетін болса, онда үш және одан да көп шыны кофе болады", - деп санайды Круглова. Ол осы үш шыны кофеден кейін міндетті түрде ми жұмысы баяуламайтынын айтты. "Бұл бәрінде бірдей уақытта байқала бермейді, әр адамның денсаулығы мен жағдайына байланысты анықталады", - деді Круглова. Диетолог артық шыны кофе ішкеннен кейін адамның жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі қанша уақытқа созылуы да әр адамда әрқалай болатынын айтты. "Кофе метаболизмі – өте дербес параметр. Кофеиннің жағымсыз әсері кетуі үшін біреуге екі-үш сағат, ал тағы біреуге бұдан да көп уақыт қажет болады. Әдетте, түнгі ұйқыдан кейін оның әсері төмендей бастайды", - деді Наталья Круглова. Оның айтуынша, кофенің жағымсыз әсерін жою үшін қандай да бір шара қолданудың қажеті жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14993494_74:0:1207:850_1920x0_80_0_0_811c452a52116c86c8e79cfad4f0c117.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кофе, ми
Диетолог кофенің ми жұмысына әсері туралы айтты
Кофенің құрамындағы психоактивті зат – кофеин адамға сергітетін әсер береді
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Ми мен жүйке жүйесінің жұмысын "жеделдету" үшін кофе ішудің жағымсыз салдары болуы мүмкін, деп ескертті диетолог дәрігер Наталья Круглова Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Кофенің құрамындағы психоактивті зат – кофеин адамға сергітетін әсер береді. Алайда кей жағдайда бұл ыстық сусын жүйке жүйесінің жұмысын "жеделдетудің" орнына керісінше "тежеуі", тіпті когнитивті қабілеттің уақытша төмендеуіне алып келуі ықтимал, деді Ресей Ұлттық диетологтар мен нутрицологтар қауымдастығының мүшесі, диетолог дәрігер Наталья Круглова.
Оның айтуынша, мұндай жағымсыз әсер адам ұйқы қанбаған кезде тым көп мөлшерде кофе ішкенде байқалады.
"Кофеиннің шекті мөлшері орталық жүйке жүйесінің жұмысын үдетеді, бірақ шамадан тыс мөлшері оның жұмысын баяулатады. Бұл адамның ұйқысы қанбай жүргенде қатты байқалады. Егер өзін сергек сезіну үшін көп кофе іше берсе, бұл адам бойында мазасыздық туындап, жұмыс қабілетінің және когнитивті мүмкіндітерінің төмендеуіне алып келеді", - деп түсіндірді Круглова.
Ол адам жұмыс істей алмай, іс-қимылының баяулауы үшін шамамен неше шыны кофе ішуі керек екенін нақтылады.
"Кофеин бойынша норма – тәулігіне 400 миллиграмм. Бұл екі шыны кофе және екі-үш шыны шай. Себебі шайдың құрамында да кофеин бар. Ал егер адам тек кофе ішетін болса, онда үш және одан да көп шыны кофе болады", - деп санайды Круглова.
Ол осы үш шыны кофеден кейін міндетті түрде ми жұмысы баяуламайтынын айтты.
"Бұл бәрінде бірдей уақытта байқала бермейді, әр адамның денсаулығы мен жағдайына байланысты анықталады", - деді Круглова.
Диетолог артық шыны кофе ішкеннен кейін адамның жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі қанша уақытқа созылуы да әр адамда әрқалай болатынын айтты.
"Кофе метаболизмі – өте дербес параметр. Кофеиннің жағымсыз әсері кетуі үшін біреуге екі-үш сағат, ал тағы біреуге бұдан да көп уақыт қажет болады. Әдетте, түнгі ұйқыдан кейін оның әсері төмендей бастайды", - деді Наталья Круглова.
Оның айтуынша, кофенің жағымсыз әсерін жою үшін қандай да бір шара қолданудың қажеті жоқ.