https://sputnik.kz/20230319/ordabasy-audanynda-54-zhastagy-ayel-ul-tapty-33086058.html
Ордабасы ауданында 54 жастағы әйел ұл тапты
Ордабасы ауданында 54 жастағы әйел ұл тапты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының перзентханасында 54 жастағы әйел ұл туды, деп хабарлады облыс... 19.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-19T22:00+0500
2023-03-19T22:00+0500
2023-03-19T22:00+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/416/96/4169696_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4156550d4f77209347062f2f66b2f671.jpg
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының перзентханасында 54 жастағы әйел ұл туды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Әйел жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған. Нәрестенің салмағы – 4 510 грамм.Қазіргі уақытта ана мен бала өзін жақсы сезінеді. Бұл отбасының екінші баласы, бірінші баласын әйел 51 жасында босанған. Ол – қыз бала. Ананың қуанышында шек жоқ. Әйел дәрігерлерге алғысын айтты.Нәрестенің әкесі Сәрсен Бекмұрат 64 жаста. Ол инженер-гидротехник болып 45 жыл еңбек еткен."Ұл дегенде қатты қуандым, қуанышымда шек жоқ. Ұлымның есімін Нұрмұхамед деп атадым. Жасарып кеткен сияқтымын. Әйелім аяғы ауыр кезде ащы нәрсені көп жеді. Жасым 64-ке келсе де балаларымның шуынан еш шаршамаймын, керісінше жаным рахаттанады", - деді Сәрсен Бекмұрат.
https://sputnik.kz/20220309/sheshim-bala-otbasy-ul-qyz-23386644.html
https://sputnik.kz
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/416/96/4169696_125:0:1745:1215_1920x0_80_0_0_07945d500e80ef36724f2c28375b0615.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Ордабасы ауданында 54 жастағы әйел ұл тапты
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының перзентханасында 54 жастағы әйел ұл туды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әйел жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған. Нәрестенің салмағы – 4 510 грамм.
Қазіргі уақытта ана мен бала өзін жақсы сезінеді. Бұл отбасының екінші баласы, бірінші баласын әйел 51 жасында босанған. Ол – қыз бала. Ананың қуанышында шек жоқ. Әйел дәрігерлерге алғысын айтты.
"39 жасымда тұрмысқа шықтым. Бұған дейінгі жүктілігім сәтсіз болды. Көп жыл бала көтере алмадым. Отбасында бала болмаған өте қиын. Соншама жыл өміріме әйтеуір бірнәрсе жетіспей тұратын. Не нәрсеге екенін өзім де білмедім. Сосын күйеуім екеуміз жасанды ұрықтандыруға бардық. Содан тексерілуді бастап кеттік", - дейді 54 жастағы ана Сәндігүл Үсенбай.
Нәрестенің әкесі Сәрсен Бекмұрат 64 жаста. Ол инженер-гидротехник болып 45 жыл еңбек еткен.
"Ұл дегенде қатты қуандым, қуанышымда шек жоқ. Ұлымның есімін Нұрмұхамед деп атадым. Жасарып кеткен сияқтымын. Әйелім аяғы ауыр кезде ащы нәрсені көп жеді. Жасым 64-ке келсе де балаларымның шуынан еш шаршамаймын, керісінше жаным рахаттанады", - деді Сәрсен Бекмұрат.