https://sputnik.kz/20220309/sheshim-bala-otbasy-ul-qyz-23386644.html
"Әрқайсы өзі шешім қабылдайды": 14 баласы бар отбасы ұл-қызын қалай тәрбиелейтінін айтты
"Әрқайсы өзі шешім қабылдайды": 14 баласы бар отбасы ұл-қызын қалай тәрбиелейтінін айтты
Sputnik Қазақстан
Алматылық әйел жақында он төртінші сәбиін дүниеге әкелді, қыз балаға Даниэла деп ат қойды 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T12:44+0500
2022-03-09T12:44+0500
2022-03-09T12:48+0500
көпбалалы отбасы
алматы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/09/23386108_0:0:3025:1702_1920x0_80_0_0_4850379f059965ccf1310bcb4a35a4d6.jpg
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Алматының 44 жастағы тұрғыны жақында он төртінші сәбиін дүниеге әкелді. Ол босану қиын болатынына қарамастан, операция жасатудан бас тартқан. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, олар отбасының ортасында. Көпбалалы отбасының тұрмыс-тіршілігі жайлы Sputnik Қазақстан тілшісі білді.Павел мен Елена Бородюк он төрт баланы тәрбиелеп отыр: олардың жеті ұлы мен жеті қызы бар. Үлкен ұлы 24 жаста, кенжесін босанғанына бір ай толмады.Көпбалалы ана Елена Бородюк балалары сәбидің дүниеге келуін асыға күткенін айтты. Сәби 55 сантиметр болып, салмағы төрт келіден асып туған. Оған Даниэла деп ат қойды.Елена Бородюк он төртінші баласын операциясыз, табиғи жолмен дүниеге әкелді. Босануға Алматы перинаталдық орталығының барлық бригадасы қатысты. Әйел дәрігерлерге қиын жағдайда босандырғаны үшін алғыс айтып, дәрігерлер сәбидің аман-есен дүниеге келуі үшін бәрін жасағанын айтты.Бородюк отбасы музыкамен әуестенеді: балалар мектеппен қатар музыкалық үйірмелерге барады, скрипка, фортепиано және басқа аспаптарда ойнауды үйренеді.Еленаның айтуынша, отбасында әрқайсының өз міндеті бар. Үлкендері бос уақытында үй шаруасына көмектеседі, ал кішкентайлар соны бақылайды. Осылайша олар да үй шаруасына көмектесуге қызыға бастайды.Отбасы Алматының Жетісу ауданында жеке үйде тұрады. Елена отбасы мемлекеттен пәтер де, жер учаскесін де алмағанын айтады.Павел Бородюк 51 жаста, ол құрылысшы болып жұмыс істейді. Елена үлкен балалары мектепті бітіргенін, ұлдары әкесінің ізімен құрылыс саласына барғанын айтты. Ал үлкен қызы флорист болып жұмыс істейді.Отбасының үлкен ұлы 24 жаста, үйленген. Жас жұбайлар да сәби күтіп жүр."Күйеуім екеуміз Құдай қанша бала берсе, барлығын дүниеге әкелеміз деп келістік. Балаларға келер болсақ, әрқайсы өзі шешім қабылдайды", - дейді Елена Бородюк.Еленаның өзі көпбалалы отбасыда өскен, 11 бауыры бар. Күйеуі Павел де алты баланың бірі. Ерлі-зайыпты көпбалалы отбасы болғысы келгендерін, тағы сәби дүниеге әкелуі мүмкін екенін айтты.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Айгерім Таубай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22340822_522:0:1242:720_100x100_80_0_0_f775bb8a5329a4db086da0de8c54d7f0.jpg
Айгерім Таубай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22340822_522:0:1242:720_100x100_80_0_0_f775bb8a5329a4db086da0de8c54d7f0.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/09/23386108_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_851c178fad3a95312a45794c66d1e0c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айгерім Таубай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22340822_522:0:1242:720_100x100_80_0_0_f775bb8a5329a4db086da0de8c54d7f0.jpg
көпбалалы отбасы, алматы
"Әрқайсы өзі шешім қабылдайды": 14 баласы бар отбасы ұл-қызын қалай тәрбиелейтінін айтты
12:44 09.03.2022 (жаңартылды: 12:48 09.03.2022) Алматылық әйел жақында он төртінші сәбиін дүниеге әкелді, қыз балаға Даниэла деп ат қойды
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Алматының 44 жастағы тұрғыны жақында он төртінші сәбиін дүниеге әкелді. Ол босану қиын болатынына қарамастан, операция жасатудан бас тартқан. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, олар отбасының ортасында. Көпбалалы отбасының тұрмыс-тіршілігі жайлы
Sputnik Қазақстан тілшісі білді.
Павел мен Елена Бородюк он төрт баланы тәрбиелеп отыр: олардың жеті ұлы мен жеті қызы бар. Үлкен ұлы 24 жаста, кенжесін босанғанына бір ай толмады.
Көпбалалы ана Елена Бородюк балалары сәбидің дүниеге келуін асыға күткенін айтты. Сәби 55 сантиметр болып, салмағы төрт келіден асып туған. Оған Даниэла деп ат қойды.
"Балалар сәбиді асыға күтті, мені де асықтыратын. Үлкен ұлымның аты – Даниил, кішкентай қызымызды соған ұқсатып Даниэла деп қоюды әкесі ұсынды. Балаларға бұл есім ұнады, барлығы келісті. Біз әрқашан шешімді бірге қабылдаймыз, бірге таңдаймыз", - дейді Елена.
Елена Бородюк он төртінші баласын операциясыз, табиғи жолмен дүниеге әкелді. Босануға Алматы перинаталдық орталығының барлық бригадасы қатысты. Әйел дәрігерлерге қиын жағдайда босандырғаны үшін алғыс айтып, дәрігерлер сәбидің аман-есен дүниеге келуі үшін бәрін жасағанын айтты.
Бородюк отбасы музыкамен әуестенеді: балалар мектеппен қатар музыкалық үйірмелерге барады, скрипка, фортепиано және басқа аспаптарда ойнауды үйренеді.
Еленаның айтуынша, отбасында әрқайсының өз міндеті бар. Үлкендері бос уақытында үй шаруасына көмектеседі, ал кішкентайлар соны бақылайды. Осылайша олар да үй шаруасына көмектесуге қызыға бастайды.
"Отбасымызда мереке көп. Қаңтарда отбасымызда төрт адамның туған күнін тойлаймыз, Рождество мен Жаңа жыл бар. Бәріміз бірге жиналып, атасы мен әжесін шақырамыз, балалар да достарын қонаққа шақырады. Үлкен қыздар ас әзірлеуге, бәліш пісіруге көмектеседі. Балалар өте тату, мереке күндері шулы және көңілді өтеді", - дейді әйел.
Отбасы Алматының Жетісу ауданында жеке үйде тұрады. Елена отбасы мемлекеттен пәтер де, жер учаскесін де алмағанын айтады.
Павел Бородюк 51 жаста, ол құрылысшы болып жұмыс істейді. Елена үлкен балалары мектепті бітіргенін, ұлдары әкесінің ізімен құрылыс саласына барғанын айтты. Ал үлкен қызы флорист болып жұмыс істейді.
Отбасының үлкен ұлы 24 жаста, үйленген. Жас жұбайлар да сәби күтіп жүр.
"Күйеуім екеуміз Құдай қанша бала берсе, барлығын дүниеге әкелеміз деп келістік. Балаларға келер болсақ, әрқайсы өзі шешім қабылдайды", - дейді Елена Бородюк.
Еленаның өзі көпбалалы отбасыда өскен, 11 бауыры бар. Күйеуі Павел де алты баланың бірі. Ерлі-зайыпты көпбалалы отбасы болғысы келгендерін, тағы сәби дүниеге әкелуі мүмкін екенін айтты.