Fly Arystan Астана мен Баку арасында жолаушылар рейсін іске қосады

© Sputnik / Andranik GhazaryanFly Arystan ұшағы
Fly Arystan ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Жазылу
Астана мен Баку қалалары арасындағы рейстер саны артып келеді
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. 2 маусымнан бастап "Fly Arystan" әуе компаниясы Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында тұрақты жолаушылар рейстерін алғаш рет іске қосады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Рейстер "Эйрбас-А320" әуе кемелерінде дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалады. Бұл әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді "Azerbaijan Airlines" әуекомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен орындайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қазіргі уақытта Әзербайжан Республикасына тұрақты рейстерді Алматы – Баку бағыттары бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет, Ақтау – Баку "Fly Arystan" және "Azerbaijan Airlines" әуе компаниялары аптасына 3 рет, сондай-ақ Ақтөбе-Баку "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 2 рет орындайды.
Осылайша елдер арасында орындалатын тұрақты рейстер саны аптасына 14 рейске дейін артады.
Екі астана арасындағы рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2023
Қоғам
Египет әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашады
Жаңалықтар
0