Қоғам

Египет әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Египеттің "Air Cairo" әуе компаниясы Астана мен Алматыға тұрақты тікелей рейстерді іске қосады.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен "Air Cairo" әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.
Осылайша "Air Cairo" әуе компаниясы 13 наурыздан бастап Астана – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша рейстерді ашады. Рейстер аптасына 2 рет –дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
Ал 14 наурыздан бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты іске қосылады. Рейс жиілігі – аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі). Жолаушыларды А-320 типті әуе кемелері тасымалдайды.
Айта кетері, "Air Cairo" – Каирде (Египет) орналасқан мысырлық әуе тасымалдаушысы. Авиакомпания рейстерді 2003 жылы іске қосты.
Бүгінде әуе компаниясы әлемнің 20-дан астам еліне (Армения, Дания, Австрия, Әзербайжан, Франция, Грузия, Германия, Венгрия, Италия және т.б.) 50 бағыт бойынша халықаралық рейстер орындайды.
Компания паркінде Airbus A320, A320neo, ATR 72 және Embraer 190 типті 19 әуе кемесі бар.
Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп мәлімдеді Қазақстанның азаматтық авиация комитеті.
Жаңалықтар
0