Талдықорғанда балаларды аңдыған ер адамға іздеу жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицей
Полицей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 13 наурыз – Sputnik. Талдықорғанда балалардың соңынан ілесіп, аңдыған ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөтен ер адамның балалардың ізінен қалмай аңдығанын айтып, ата-аналар шағымданған.
"Мүмкіндігінше көп ата-ана хабардар болсын. Төртінші шағын ауданда 14 және 16 мектептердің жанында бір ер адам жүреді, балалардың денесіне қол жүгіртеді. Ұзын бойлы, арықша келген. Шамамен 30-40 жаста, үнемі көк күртеде жүреді. Ол сондай-ақ 28, 29, 30,32 үйлердің аулаларында да жүреді", - деп тұрғындар дабыл қақты.
Полиция бұл ақпаратты назарға алғанын айтады.
"Бұл ақпаратты біз бақылауға алдық. Полиция қызметкерлері тексеру бастады. Ақпаратқа сай заңды шаралар қолданылады", - деп мәлімдеді ведомство.
Талдықорғанда 12 жастағы қызды аңдыған ер адам ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Талдықорғанда 12 жастағы қызды аңдыған ер адам ұсталды
Жаңалықтар
0