Талдықорғанда 12 жастағы қызды аңдыған ер адам ұсталды

© PhotoТалдықорғанда 12 жастағы қызды аңдыған ер адам ұсталды
Талдықорғанда 12 жастағы қызды аңдыған ер адам ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. 16 қарашада Талдықорған полицейлеріне көшелердің бірінде белгісіз адам 12 жасар оқушыны аңдып, тиіспек болғандығы туралы хабар келіп түскен.
Кешкі уақытта белгісіз ер адам 12 жастағы қызға тиіспек болғаны жайлы видео әлеуметтік желіде тараған. Полиция ер адамды анықтауға және ұстауға қатысты іс-шараларды дереу ұйымдастырған.
"Күдіктінің нақты белгілерінің бірі оның қызыл күртешесі болды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 38-жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам Талдықорған қаласының полиция бөліміне жеткізілді", — деді Жетісу облысты ПД бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.
Ал күдікті арам ойы болмағанын айтады.
"Қызыл курткадағы менмін. Көшеде кетіп бара жатып, қызбен соғылып қалғаным рас. Қыздың әке-шешесінен, қала тұрғындарынан кешірім сұраймын", - дейді ол.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 124-бабы (жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Қоғам
Талдықорғанда оқушы қызды аңдып жүрген ер адам видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар
0