Алматыны наурызда безендіретін үздік дизайнерлер анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 13 наурыз – Sputnik. Наурыз мерекесіне орай қаланы билбордтармен безендіру бойынша байқау жарияланды, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Алматыны безендіргісі келген дизайнерлердің жұмысын бағалайтын қазылар алқасының құрамына дизайнерлер одағының, суретшілер одағының, жоспарлау және урбанистика басқармасының және Алматы мәдениет басқармасының өкілдері кірді", - дейді әкімдік.
Бірінші орын Динара Абраеваға, екінші орын Амантур Бейсенбиновке, үшінші орын Нұржан Ибраевқа берілді.
Жеңімпаздардың туындысы Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласының жарнама алаңдарына орналастырылады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Наурыздағы мерекелерде халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді
Жаңалықтар
0