Наурыздағы мерекелерде халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

© Sputnik / Абзал КалиевХалыққа қызмет көрсету орталықтары
Халыққа қызмет көрсету орталықтары - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы алдағы мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лар жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
"Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты 8, 21, 22 және 23 наурызда Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді", - деп хабарлады корпорация.
Айта кетері, осы аптада 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Ал 11 наурыз, сенбі күні кезекші ХҚКО-лар сағат 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.
ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9-00-ден 20-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ Астана, Шымкент және Қызылорда қалаларында кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді. Елордада Иманов көшесі, 20, Сәтбаев көшесі, 25 және 20-40 көшесі, 2 мекенжайларында орналасқан кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін қабылдайды.
Жаңалықтар
0