Коронавирус жұқтырғандардың саны азайды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 27 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 79 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 9 наурыздағы мәлімет бойынша 1 731 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 596 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
4 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 408 449 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2023
Қазақстан Pfizer вакцинасының жарты миллион дозасын тегін алды
Жаңалықтар
0