Қазақстан Pfizer вакцинасының жарты миллион дозасын тегін алды

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстан "Комирнати/Омикрон" (Pfizer) вакцинасының 500 мыңнан астам дозасын Словакиядан өтеусіз негізде жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Өндіруші компанияның нұсқауына сәйкес, "Комирнати/Омикрон" вакцинасы бұрын КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың бастапқы толық курсын алған 12 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін ғана ұсынылады. Оны вакцинациялаудың толық курсы үшін қолдануға болмайды.
"Комирнати/Омикрон" вакцинасы – бұл коронавирус штамының жаңа нұсқаларын ескере отырып жаңартылған және құрамында Omicron BA 4 және BA.5 субварианттары бар вакцина. Елге келгеннен кейін "Комирнати/Омикрон" вакцинасы өңірлерге таратылады және коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау үшін қолжетімді болады", - дейді министрлік мамандары.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 99,8 процентінде COVID-19 Омикрон штамы анықталды.
Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстан аумағында вакцинацияның толық курсын алуға, сондай-ақ халықты ревакцинациялауға "КазВак" (ҚР), "Синофарм" (Қытай), "Комирнати" (Пфайзер, АҚШ) вакциналары қолданылады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Денсаулық
Қазақстанда "кракен" штамы бар ма – вице-министр жауабы
Жаңалықтар
0