Президент батырлық танытқан полицейлерді марапаттады

© Sputnik / Абзал КалиевПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек жолында батырлық танытқан екі полицейді марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Шымкент қаласы полиция департаменті "Тұран" ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Арман Әріпжанов президенттің марапатына ие болды. Ол биыл 20 ақпанда өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады.
Екінші батыр полицей – Бекен Қоңысов. Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі биыл 19 ақпанда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлерді құрықтау кезінде батылдық пен ерлік танытты.
Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін екеуі де президент Жарлығымен ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.
Елордада ерлік жасаған полицей орденмен марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Елордада ерлік жасаған полицей орденмен марапатталды
Жаңалықтар
0