Елордада ерлік жасаған полицей орденмен марапатталды

© Photo : Департамент полиции Нур-СултанаЕлордада ерлік жасаған полицей орденмен марапатталды
Елордада ерлік жасаған полицей орденмен марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
Архат Ракишев жүк көлігінің мас жүргізушісін тоқтату үшін өмірін қатерге тіккен
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Өмірін қатерге тігіп, мас жүргізушіні тоқтатқан Архат Ракишевке президент жарлығымен ІІ дәрежелі "Айбын" орденін табысталды.
Марапатты полицейге ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев табыстады, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

"Жасаған ерлігің үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталдың. Министрдің тапсырмасымен сол наградаңды табыстауға келіп отырмын, Архат батыр", – деді вице-министр.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті мамандандырылған патрульдік полиция батальонының аға инспекторы өткен жылдың желтоқсан айында асқан ерлікпен жол қауіпсіздігін сақтап қалған болатын. Ол елорданың Қошқарбаев көшесінде ережені өрескел бұзып, апатты жағдай тудырып келе жатқан жүк көлігін байқайды. Ер адам тәртіп сақшысының талаптарына бағынбаған. Қайғылы жағдайдың алдын алмақ болған Архат сол сәтте ауыр жарақат алады.
"Архат жүргізушіні тоқтату үшін кабинаға кірген кезде доңғалақ кілтімен басынан ұрып, есінен тандырып тастаған, жүк көлігін ары қарай жүргізіп, шайқалтып итеріп жіберген. Содан жерге құлаған. Мұны көрген жүргізушілер Архатты басып кетпес үшін тоқтаған", – деді әкесі Кабдуали Ракишев оқиғаны баяндап.
Полиция капитанына екі рет ота жасалған. Комада болған жігіт бүгінде есін жиған. Бірақ ол ары қарай да емін жалғастырады.
"Мектепті "алтын белгіге" бітірді. Одан кейін Еуразия ұлттық университетіне түсті. Сол университетті де жақсы тәмамдады. Одан кейін академиясын оқыды. Өзінің арманы болатын. Жұмысқа орналасты. Енді сол арманына жетті деп отыр едік… Полиция жұмысы – өте ауыр жұмыс. Елдің амандығын ойлайтын жұмыс қой. Барлығы балаңыз ерлік жасады деп жазып жатыр. Баламның ерлік жасағанына қуанамын. Ел азаматы болғанына қуанамын", – деді Архаттың анасы Алма Ракишева.
Әріптестері де Архатты әрдайым қолдап, көмектерін аямауда. Оның алдағы емін де ведомство толық қамтитын болады.
"Ауруханада жанында болдым. Не жағдай болғанын көрдім. Департаменттің ауруханасына көп рақмет. Қолдарынан келгенін жасады. 24 сағат бойы мен байланыстамын. Қандай көмек болса да қол ұшын беруге дайынбыз", – деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД мамандандырылған патрульдік полиция батальонының взвод командирі Нұрбек Кагибаев.
Мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0