https://sputnik.kz/20230306/ukraina-qazaqstandagy-elshisin-nege-ali-tagayyndamady--sim-tusiniktemesi-32712000.html
Украина Қазақстандағы елшісін неге әлі тағайындамады – СІМ түсініктемесі
Украина Қазақстандағы елшісін неге әлі тағайындамады – СІМ түсініктемесі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің кандидатурасы неге әлі таңдалмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik... 06.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-06T16:33+0500
2023-03-06T16:33+0500
2023-03-06T16:34+0500
украина
елші
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/07/29117194_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_e1e20633ed46d345965477479c509270.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің кандидатурасы неге әлі таңдалмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Апта сайынғы брифингте журналистер Украинаның Қазақстандағы елшісі былтыр қазан айынан бері тағайындалмағанын атап өтті. БАҚ өкілдері СІМ-нің ресми өкілінен мұның себебін сұрады.Айтуынша, жаңа елшінің қашан тағайындалатыны туралы ақпарат жоқ. Украина бірнеше кандидатура ұсынған, бірақ әлі таңдаған жоқ.Еске салсақ, былтыр қыркүйекте Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевский орыстар туралы атышулы мәлімдеме жасап, басы бәлеге қалған еді.Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина елшісін шақырып, наразылығын білдірді. Врублевский Ресейге қатысты мәлімдемесі үшін Қазақстаннан кешірім сұрады. Осыдан кейін Украинаның сыртқы істер министрлігінен Астанаға жаңа елшісін тағайындау туралы сұрау түсті.2022 жылғы қазанда Украина президенті Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатты.
https://sputnik.kz/20220905/ukrainanyn-qazaqstandagy-elshisi-malimdeme-27301983.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/07/29117194_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_cbdde7952f7b4f9fe963ca47ca59b170.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, елші
Украина Қазақстандағы елшісін неге әлі тағайындамады – СІМ түсініктемесі
16:33 06.03.2023 (жаңартылды: 16:34 06.03.2023) АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің кандидатурасы неге әлі таңдалмағанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Апта сайынғы брифингте журналистер Украинаның Қазақстандағы елшісі былтыр қазан айынан бері тағайындалмағанын атап өтті. БАҚ өкілдері СІМ-нің ресми өкілінен мұның себебін сұрады.
"Дипломатиялық практикада бұл қалыпты құбылыс. Жіберуші тарап, бұл жағдайда Украина елші қызметі қанша уақыт бос тұратынын өзі шешеді", - деді Айбек Смадияров.
Айтуынша, жаңа елшінің қашан тағайындалатыны туралы ақпарат жоқ. Украина бірнеше кандидатура ұсынған, бірақ әлі таңдаған жоқ.
Еске салсақ, былтыр қыркүйекте Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевский орыстар туралы атышулы мәлімдеме жасап, басы бәлеге қалған еді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина елшісін шақырып, наразылығын білдірді. Врублевский Ресейге қатысты мәлімдемесі үшін Қазақстаннан кешірім сұрады. Осыдан кейін Украинаның сыртқы істер министрлігінен Астанаға жаңа елшісін тағайындау туралы сұрау түсті.
2022 жылғы қазанда Украина президенті Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатты.