Саясат

Украинаның Қазақстандағы елшісі атышулы мәлімдемесі үшін кешірім сұрады

© Photo : Пресс-служба президента Украины / Медиабанкке өтуҚазақстан мен Украина тулары
Қазақстан мен Украина тулары  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский Ресейге қатысты мәлімдемесі үшін Қазақстаннан кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өздеріңіз білесіздер, біз Украина елшісін шақырып, оның мәлімдемесіне наразылығымызды білдірдік. Ол кешірім сұрады. Айтуынша, "өз үйінде соғыс болып жатқаны үшін мұны эмоциямен айтып қалған", - деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Ресми мәлімет бойынша қазір Украина елшісі еңбек демалысында.
Еске салсақ, жуырда украиналық дипломат Петр Врублевский тіл патрулін ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында "орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы қанға соғұрлым азырақ малынады" деген еді.
Чрезвычайный и Полномочный посол России в Казахстане Алексей Бородавкин на выставке Уроки Нюрнберга - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Қоғам
Ресейлік депутаттардың Қазақстан жайлы даулы сөзі: елші ресми түсініктеме берді
Жаңалықтар
0