Түркияда жер сілкінісінен аман қалған қыз елге оралды

© Photo : МЧС КазахстанаҚазақстандық құтқарушылар Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді
Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Түркияда 6 ақпан кезінде болған жер сілкінісінен аман қалған қазақстандық Сабина Мамадиярова Қазақстанға оралды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ол ауруханада жатқан кезде біздің консул үнемі байланыста болды. Қыздың жанында туыстары болды. Қазір ол Қазақстанға оралды, бірақ өзін мазаламауды өтінді", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Оның айтуынша, сыртқы істер министрлігі отандасымызға елге жетуге көмектескен. Сабина Анталья-Алматы рейсімен ұшып келді.
Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын зілзала болды. Салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, жарақат алды. Жер сілкінісі кезінде Қазақстанның төрт азаматы жоғалып кеткен болатын. Кейін үш қазақстандықтың мәйіті үйінді астынан табылды. Тағы бір қазақстандық Сабина Мамадиярова тірі табылды, оның қолы сынған. Отандасымыз ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2023
Қоғам
Түркияда қаза болған қазақстандықтардың денесі Алматыға жеткізілді
Жаңалықтар
0