Қоғам

Түркияда қаза болған қазақстандықтардың денесі Алматыға жеткізілді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Түркияда жер сілкінісі салдарынан көз жұмған Мейірболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің денесі кеше кешке Алматыға жеткізілді. Бұл ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
"Отандастарымыздың денесі Антакьядан Антальяға, содан кейін 11 ақпан кешке Алматыға жеткізілді. Барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды", - деді Смадияров.
Сондай-ақ ол үйінді астынан аман табылған қазақстандық қыздың жағдайы туралы айтты.
"Біздің консул Сабина Мамадьяроваға барып қайтты. Оның жағдайы жақсы. Жарақаттанған қолына ота жасалды. Дәрігерлер пациент әзірге бақылауда болуы қажет екенін айтты", - дейді СІМ ресми өкілі.
Түркияда зілзаладан зардап шеккендерді іздеу және құтқару жұмыстары жалғасуда.
Түркия, жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Оқиға
Түркияда тағы бір қазақстандық қыз жоғалды: іздеу жұмыстары басталды
Жаңалықтар
0